Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 16 мың шетелдік жұмыс істеп жүр.
2021 жылдың қыркүйектегі мәлімет бойынша, республика бойынша 16 114 шетелдік ресми жұмыс істеу рұқсатына ие.
Олардың арасында 633 адам басшылық және орынбасарлық қызметте, 3,3 мыңы бөлімше басшылары, 7,7 мыңы мамандар, 651-і білікті жұмыскерлер, 1,9 мыңы маусымдық жұмыскерлер, 1,8 мыңы корпоративті аударыммен келгендер.
Қазақстан бойынша 1,8 мың ұйым шетелдік жұмыс күшін пайдаланады. Онда шетелдіктермен қатар 494 мың қазақстандық еңбек етеді. Яғни отандық қызметкерлердің үлесі 96%.
Шетелдіктер негізінен Қытайдан 3,8 мың, Түркиядан 2 мың, Өзбекстаннан 1,9 мың, Үндістаннан 1 мың және Үлыбританиядан 949 адам.
2021 жылы шетелдіктерге квота 0,31% болды, яғни 29,3 мың.