Соңғы бес жылда Қазақстандағы қалалар саны 2 облыстық және 1 аудандық маңызы бар қалаларды қоса алғанда 3 бірлікке артты. 2024 жылдың 1 шілдесіне елімізде қала мәртебесі бар 90 елдімекен тіркелген.

Олардың ішінде:

  • 39 — облыстық маңыздағы;
  • 48 — аудандық маңыздағы;
  • 3 — Республикалық маңыздағы қала.

Қалалардың ең көп саны Ақмола облысында — 11 бірлік, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында — әрқайсысында 8-ден. 

Бес жыл бұрын қала халқының үлесі 58% құраған, бүгінде бұл көрсеткіш 62,7% дейін өсті. Осылайша қала халқының саны 12,6 млн адамға жетті.

Ең көп қала тұрғындарының саны Республикалық маңызы бар қалаларда: Астана – 1,4 млн, Алматы – 2,2 млн, Шымкент – 1,2 млн адам. Облыстар ішінде 927 мың қалалық тұрғыны бар Қарағанды мен 709 мың қала тұрғыны бар Ақтөбе облыстарында урбанизация деңгейі ең жоғары.