Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда цифрлық майнинг үшін төлем енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.
Жаңа нормаларды 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу көзделген.