Жасанды интеллект министрлігі спутниктерді өндіру бойынша отандық кешеннің қуаттарын жүктеу бойынша жұмысты бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
«Алдағы жылдары жерді қашықтықтан зондтаудың кемінде 5-6 спутнигі шығарылатын болады. Оның ішінде 75 млн доллар сомасына экспорт жоспарлануда, бұл Қазақстан тарихында тұңғыш рет болады және еліміздің ең технологиялық экспорты болмақ», — деді вице-премьер.