Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялық тізімді кеңейтті. Оған 240 компания, жеті жеке тұлға және 50 кеме, соның ішінде «Росатомның» еншілес кәсіпорны — «Росатом Энергетикалық жобалары» кірді. Тізімде бірде-бір қазақстандық компания жоқ.

Айта кетсек, «Росатом» Қазақстандағы «Балқаш» АЭС құрылысы жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы. Болашақ АЭС жобасы бойынша алғашқы жұмыстар 2025 жылдың жазында басталған еді. Станцияның тікелей құрылысы 2029 жылы басталуы мүмкін.

Алматы облысы Жамбыл ауданының Үлкен ауылында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысын бастауға арналған салтанатты шара өтті. Бұл жобамен Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы айналысады.