Қазақстан биржасында IBM мен Caterpillar акциялары сатылады

Қос компания акциялары бүгіннен бастап сатылып жатыр.

29 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі шетелдік эмитенттердің KASE акцияларының сауда-саттықтары ашылады.

Атап айтқанда Caterpillar Inc. пен International Business Machines Corp. (IBM) компанияларының акциясы қазақстандықтарға қолжетімді болмақ.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі АҚШ долларымен көрсетілген акция бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.

Бұл акциялар орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарымен мәмілелер жасауға рұқсат етілген қаржы құралдарының Тізіміне енгізілген.

Caterpillar Inc. АҚШ-тың әлем бойынша құрылыс және өндірістік заттар шығаратын ірі компаниясы. Ал IBM америкалық компания. Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпараттық технологиялық қызмет көрсетумен айналысады.