Qazaq Air 2 млрд теңгеге вьетнамдық Sovico Group компаниясына сатылады.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, келісім ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады.
Qazaq Air-тің жаңа иесі компанияның 38 миллиард теңге қарызын өтейді.
Былтыр қазақстандық әуе тасымалдаушысының құны 10,2 млрд теңгеге бағаланған.