Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша, ҚР бұрыш импорты 3 есе, 26,9 мың тоннаға дейін өсті. Сондай-ақ көкөністер арасында бақша дақылдарының импорты (85,2%, 50 мың тоннаға дейін), қияр мен сірке суымен уытталған ұсақ қияр (69,7% 7,6 мың тоннаға дейін), сарымсақ (64,4%, 3,5 мың тоннаға дейін), қырыққабат (61,5%, 103 мың тоннаға дейін дейін), қызанақ (40,9%, 51 мың тоннаға дейін) өсті. Сонымен қатар, ас қызылшасы (5,3%, 9,1 мың тоннаға дейін) және баялды (2,3%, 2,2 мың тоннаға дейін) импорты аздап өсті, деп хабарлайды energyprom.kz
Ал картоп (19,9%, 42,9 мың тоннаға дейін), пияз (8,4%, 194,5 мың тоннаға дейін), ас сәбізі (5,5%, 32,5 мың тоннаға дейін) импорты азайды.
Қазақстаннан экспортқа келер болсақ, асхана қызылшасы (3,4 есе, 892,9 тоннаға дейін), бұрыш (3,2 есе, 565,3 тоннаға дейін), асхана сәбізі (29,6%, 2,3 мың тоннаға дейін), қияр (24,6%, 3 мың тоннаға дейін), сарымсақ (24,4%, 403,2 тоннаға дейін) өсті.
Картоп, баялды, қызанақ, асқабақ, пияз, қырыққабат экспорты қысқарды.
Биыл көкөністің негізгі түрлері бойынша ҚР-ға импорт республикадан кететін экспорттан бірнеше есе жоғары екенін атап өткен жөн. Мәселен, қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баялды импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш – 47,6 есе, қырыққабат – 18,3 есе, ас сәбізі – 13,9 есе, ас қызылшасы – 10,2 есе, сарымсақ – 8,7 есе, пияз – 6,3 есе, бақша дақылдары – 5,1 есе, картоп – 5 есе, қызанақ – 4,9 есе, қияр – 2,6 есе өсті.
Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда жаңа піскен көкөністер бір жылда 10% қымбаттаған. Оның ішінде қияр – 29,6%, қызанақ – 21,8%, пияз – 13,9%, картоп – 13,2%, қызылша – 0,1% қымбаттады. Сәбіз (2,2%) және ақ қырыққабат (9,5%) арзандады.
Өңірлер бойынша бағаның ең күшті өсуі Алматы облысында байқалды: бір жылда 27,8%. Одан кейін Жетісу және Атырау облыстары: тиісінше 24,4% және 17% қымбаттады.
Бағаның төмендеуі Жамбыл (0,6%) және Ұлытау (2,3%) облыстарында байқалды.