2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан бойынша теміржол көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 13,5 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3% артық, деп хабарлайды статистика бюросы.
Алайда, жолаушылар айналымы 2022 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 0,5% төмендеп, 11 млрд жкм болды.
Жолаушылардың 42,2%-ы жаз айларында тасымалданды:
- маусым: 1,7 млн адам;
- шілде: 1,9 млн адам;
- тамыз: 1,9 млн адам.
Жолаушылар ең көп келетін бағыт Астана болды, 8 айда 3,7 млн жолаушы елордаға билет сатып алды, 1,2 млн жолаушы Ақтөбе облысына да жиі барды, үшінші орында Қызылорда облысы – 1 млн адам.
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 82,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% артық.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында көліктің барлық түрімен 999 млн жолаушы тасымалданған (+8,5%).