АҚШ қор нарығының қазіргі үрдісі былтырғы күрделі ахуалдан кейін қайта қалыпқа келуге бағытталған. Ол бірнеше негізгі факторлармен негізделген. Оның ішінде технологиялық сектордың тұрақтылығы, жартылай өткізгіш өнеркәсібінің өсімі (жасанды интеллекттің дамуына байланысты), Федералды резерв жүйесінің мөлшерлемені арттырудағы үзілісі, есептіліктің күшті маусымы, инфляциялық қысымның баяулауы фонында болашақта мөлшерлемердің төмендеуінің күтілуі, орнықты экономика және қарыз лимитінің артуы бар. 

Бұл ретте жалпы түсінік былай қалыптасады: биыл нарық қалпына келтіруді жалғастыру және «бұқа» трендіне қайта оралу үмітімен коррекциядан шығуы мүмкін. Сонымен қатар рецессия жағдайында экономика орнықтылығы мен корпоративтік пайданың тұрақтылығы жалғасып, екінші жартыжылдықта нарықты таң қалдыруы әбден мүмкін. Бұл жағдайда циклдік, өсіп келе жатқан және қорғаныс секторларының акцияларын қамтитын теңдестірілген портфель қалыптастырудың белгілі бір мәні бар.

Жалпы алғанда, төменде көрсетілген секторлардағы компаниялардың қағаздары бүгінгі тенденциялардан пайда көре алады және алдағы 3-6 айда ықтимал өсуді ескере отырып, 2023 жылдың күзінде инвестициялар үшін қызықты бола алады. Freedom Finance Global аналитигі Елдар Шакенов келесідей инвест-идеяларды ұсынады. 

Өсу секторларының акциялары

1) Үлкен технологиялар және коммуникациялық сервистер 

Meta Platforms, Inc. (META) 25% апсайдпен (акциялар бағасының өсуін күту) – пайдаланушылардың ауқымды базасы, озық технологиялары және кеңейтілген һәм виртуалды шындыққа (AR/VR) айтарлықтай инвестициясы бар. Meta болашақтың интернетін қалыптастырудың алдыңғы қатарында.

Alphabet Inc. (GOOGL) 11% апсайдпен – адамдардың ақпаратқа қол жеткізуіне, байланысына және технологиямен өзара әрекеттесуіне әсер ететін өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын ұсына отырып, цифрлық әлемде басым күш болып қала береді.

Netflix, Inc. (NFLX) 12% апсайдпен – жоғары сапалы контент дайындауға, жекелеген ұсыныстарға және ыңғайлы интерфейске деген міндеттеме оның ойын-сауық индустриясындағы басым ойыншы ретіндегі позициясын нығайтты. 

Microsoft Corporation (MSFT) 18% апсайдпен – соңғы жылдары корпорация Azure бұлтты платформасы арқылы бұлтты есептеулерді қоса отырып өз саласын кеңейтті және жасанды интеллектке (AI), ойындарға (Xbox-пен), киберқауіпсіздікке және Microsoft Dynamics сияқты бизнеске арналған бағдарламалық шешімдерге инвестиция салды.

2) Жартылай өткізгіштер және софт

Taiwan Semiconductor Manufacturing Company Limited (TSM) 23% апсайдпен – жартылай өткізгіш технологиялардың шекараларын үнемі кеңейтіп отырады, бұл өз клиенттеріне барған сайын қуатты және энергияны үнемдейтін электронды құрылғыларды жасауға және шығаруға мүмкіндік береді.

Salesforce, Inc. (CRM) 15% апсайдпен – кәсіпорын клиентке икемделген деректер мен стратегия негізінде шешім қабылдауға баса мән беретіндіктен компанияның CRM шешімдері мен бұлттық платформалары клиентпен өзара байланысты жақсартуға, операцияларды оңтайландыруға және өсуді ынталандыруға ұмтылатын ұйымдар үшін ажырамас құралға айналды.

ServiceNow, Inc. (NOW) 8% апсайдпен – бизнес-процестерді автоматтандыру және IT-қызметтерді басқару үшін кең ауқымды шешімдер ұсынатын бұлтты платформаларымен танымал. 

Fortinet, Inc. (FTNT) 17% апсайдпен – хакерлердің шабуылы күрделеніп бара жатқандықтан, Fortinet-тің киберқауіпсіздік саласындағы әзірлемелері конфиденциалды деректерді, желілік инфрақұрылымды және цифрлық активтерді қорғау үшін айтарлықтай маңызға ие. 

Циклдік сегмент

1) Шикізат және материалдар 

The Sherwin-Williams Company (SHW) 10% апсайдпен – бұл халықаралық өндіруші құрылыс, өндірушілер, үй иелері және өнеркәсіптік клиенттер саласының мамандарын қоса алғанда кең ауқымды тұтынушылық базаға қызмет көрсетеді.  

2) Циклдік ритейл 

Amazon.com, Inc. (AMZN) 18% апсайдпен – электронды коммерциядан бөлек, компания бірқатар маңызды салалардағы өз қызметін кеңейтті, оның ішінде Amazon Web Services (бұлтты есептеу), цифрлы медиа, жасанды интеллект және машиналық оқыту, тамақтану өнімдерінің бакалеялық және бөлшек саудасы бар. 

Lululemon Athletica Inc. (LULU) 9% апсайдпен – сән мен спорттық киім арасындағы шекаралар бұлыңғыр болып бара жатқандықтан, Lululemon мықты бренд пен адал клиенттік базасы бар саланың көрнекті ойыншысы болып қала береді.

3) Энергетика

Valero Energy Corporation (VLO) 4% апсайдпен – АҚШ, Канада және Ұлыбританияда зауыттары орналасқан жетекші мұнай өңдеу компаниясы болып саналады. Valero сондай-ақ жанармай бекеттері желісін басқарады және этанол және биодизель секілді жаңартылатын отын түрлерін өндіреді. 

EOG Resources, Inc. (EOG) 11% апсайдпен – бұрғылау мен өндірудегі озық технологияларды қолдана отырып, мұнай мен газды барлаудың инновациялық тәсілімен танымал. Компанияның Америка Құрама Штаттарында жер үсті және теңіз активтерінің әртүрлі портфелі бар, соның ішінде негізгі тақтатас және алуы біршама қиынға соғатын мұнай кен орындарын атап өтуге болады.

ConocoPhillips (COP) 8% апсайдпен – әлемдік энергетикалық тұтынушылықтың қажетін өтеу үшін мұнай және табиғи газ жеткізуде маңызды рөл атқара отырып, өндіруші активтер мен операциялардың әр алуан портфелін қалыптастырды. 

4) Қаржылық сервистер

Mastercard Incorporated (MA) 10% апсайдпен – бүкіл әлем бойынша қаржылық мекемелер, кәсіпорындар, саудагерлер мен тұтынушыларды біріктіретін ауқымды желіні басқарады.  

S&P Global Inc. (SPGI) 14% апсайдпен – қаржылық ақпарат және аналитикадағы сенімді жеткізуші ретінде S&P Global әлемдік қаржы нарығындағы тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз етіп, индустриядағы маңызды ойыншы болып қала беруде. 

Қорғаныс секторлары 

1) Сусындар және ритейл

Monster Beverage Corporation (MNST) 11% апсайдпен – энергетикалық сусындарды, жеміс шырындарын және түрлі алкогольсіз сусындарды өндіретін компания күшті бренд порфелі негізінде қалыптасқан инвестициялық мүмкіндікке, жаһандық өсім потенциалына және тиімді маркетингтік стратегияға ие.

PepsiCo, Inc. (PEP) 13% апсайдпен – өнімнің әртараптандырылған ассортименті және жаһандық қатысуы оның тұрақтылығына және әртүрлі нарықтардағы мүмкіндіктерді пайдалану қабілетіне ықпал етеді.

The Kroger Co. (KR) 12% апсайдпен – өз бағдарламалары арқылы тұтынушылардың адалдығына қатты назар аудара отырып, Kroger азық-түлік бөлшек саудасында басым ойыншы болып қала береді. 

2) Денсаулық сақтау, медициналық сервистер

Intuitive Surgical, Inc. (ISRG) 19% апсайдпен – компания медициналық қызметкерлердің мүмкіндігін кеңейткен, науқасқа көрсетілетін күтімді жақсартқан, хирургия саласында төңкеріс жасаған роботтандырылған хирургиялық жүйелер мен технологияларды әзірлеуге, өндіруге және сатуға маманданған.

Abbott Laboratories (ABT) 23% апсайдпен – компанияның бұрыннан қалыптасқан даму мұрасы және көбейіп келе жатқан денсаулық сақтау мәселелерін шешуге деген ұмтылысы оның әлемдік индустриядағы көрнекті ойыншы ретіндегі позициясын нығайтты.

DexCom, Inc. (DXCM) 40% апсайдпен – адамдарға глюкоза деңгейін тереңірек түсінуді ұсыну және инсулиннің дұрыс дозасын қабылдау қабілетін жақсарту арқылы қант диабетін емдеуді өзгертуде шешуші рөл атқарды.

3) Коммуналдық сектор

American Water Works Company, Inc. (AWK) 14% апсайдпен – АҚШ-тың 46 штатындағы миллиондаған тұтынушыға, соның ішінде жәй тұрғындарға да, коммерциялық клиенттерге де қызмет көсрететін, сумен жабдықтау және су тартумен айналысатын жетекші америкалық компания. 

Ameren Corporation (AEE) 12% апсайдпен – АҚШ-тың орталық батысындағы халыққа энергетикалық қызмет ұсынуда өмірлік маңызды рөл атқарады. 

Биыл жыл басынан бері АҚШ-тың қор нарығы әжептәуір қалпына келді. Туындаған тәуекелдерге қарамастан ұзақ мерзімді стратегияға көңіл бөлу  инвесторларға нарықтың өсіп келе жатқан траекториясынан пайда табуға және 2023 жылдың екінші жартыжылдығында нарықты қалпына келтіруді жалғастыруға көмектеседі.