2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы 392,7 мың теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды 11,5% жоғары, ал инфляцияны ескергенде 2,4% жоғары. Өңірлер бойынша көрсеткіш Атыраудан басқаларының бәрінде өсті.

Дегенмен Атырау облысы бәрібір ең жоғары жалақы төлейтін өңір. Қаңтар-маусым айларында мұндағы орташа айлық көрсеткіш 601,8 мың теңгені құрады, бұл инфляцияны есепке алғанда бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,5% төмен. 

Салалар ішәнде тау-кен өнеркәсібінде нақты жалақы төмендеді.

Мұнда бірінші кезеңдегі орташа айлық көрсеткіш 1 млн 667 мың теңгені құрады. Бұл, әрине, көп және Қазақстан Республикасы бойынша орташа көрсеткіштен 4,2 есе жоғары, бірақ нақты көрсеткіште бір жыл ішінде 5,9% төмендеген.