2023 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады).
Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 115,1 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 6 945,8 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,2%) жалдамалы қызметкер болса, 2 169,3 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,8%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65,6% құрады.
Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 144 мың адамға өсті, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 104,1 мың адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 39,9 мың адамға.
Жұмыспен қамтылған халықтың ең көп үлесі сауда (16,6%), білім беру (12,9%), өнеркәсіп (12,3%) және ауыл шаруашылығы (12,2%) салаларында байқалды.
2023 жылғы II тоқсанда 452,6 мың жұмыссыз адам болды (ХЕҰ әдістемесі бойынша).
15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрады. Жұмыс істемейтін және оқымайтын не кәсіптік білім алмайтын NEET жастарының үлесі 7,5% (401,6 мың адам) құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2023 жылғы шілде айының соңына 293,5 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың жұмыс күшіндегі үлесі – 3,1%.