12 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 09:00-де Брент маркалы мұнай бағасы барреліне 37,82 долларға саудаланды. Бұл кешегі ден 3 пайызға арзан.
Бағаның құлдырауына АҚШ Федералды резерв жүйесінің пандемия теріс әсерінің созылу мен экономиканың көпке дейін қалпына келе алмауы мүмкін деген болжамы әсер еткен.
Сонымен қатар АҚШ энергетика агенттігі елдегі мұнай қорының рекордтық деңгейге жеткенін хабарлауы да бағаны төмендетуге ықпал етті.
Естеріңізде болса, таяуда Goldman Sachs Банкінің мұнай бағасы 35 долларға дейін қайта арзандауы мүмкін деген жорамалын жариялаған едік.