Миллионерлер: "Дағдарыстың екінші толқыны келе жатыр"

Швейцарияның ірі қаржылық холдингі UBS тобының жасаған сауалнама нәтижесіне сүйенсек, миллионер инвесторлардың болжамынша, короновирус дағдарысынан кейін қор нарықтарының құлдырауының екінші толқыны келмек. UBS Global Wealth Management 1-20 сәуір аралығында әлемнің 14 елінен кемі 1 млн доллар инвестиция салатын 2928 инвесторға сауалнама жасады. Солардың 61%-ы акциялардың әлі де болса 5-20 пайыз арзандайтынын айтса, 23%-ы қазір инвестиция салатын ең қолайлы уақыт екенін айтады. тағы 16%-ы қазір "тыныш отыру керек" екенін айтады. Сауалнамаға қатысқандардың тең жартысы қазір нарықта белсенді болмайтынын айтады. Ал 37%-ы инвестицияны одан сайын көбейтетінін хабарласа, тағы 16%-ы керісінше азайтатынын айтады. 60%-ы әлемдік рецессияның әлі 12 ай созылатынын болжайды. Ал одан кейінгі уақытта бәрі орнына келуі тиіс. Айта кетерлігі, АҚШ-тағы инвесторлардың 30%-ы ғана ел экономикасына сенетінін айтса, Азия елдерінің шамамен 55%-ы экономикаға риза.