Микроқаржы қызметтерін жүзеге асыратын ұйымдарының активтері биыл II тоқсанда 5,1% немесе 136 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2,8 трлн теңгені құрады. Активтердің ұлғаюына микроқаржы ұйымдарының несие портфелінің өсуі себеп болды.

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына — 1 502 млрд теңге немесе 54,1%, кредиттік серіктестіктерге — 921 млрд теңге немесе 33,2%, ломбардтарға — 355 млрд теңге немесе 12,8% тиесілі.

2024 жылғы 2-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері тартылған қарыздар есебінен 4,9%, 1,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 76,0%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды. Алынған қарыздардың құрылымында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту институтының және екінші деңгейдегі банктердің қарыздары басым, оларға тиісінше алынған қарыздардың 32,5%-ы және 27,6%-ы тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы негізінен бөлінбеген пайданың ұлғаюы есебінен тоқсан ішінде 5,6% ұлғайып, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 932 млрд теңгені құрады.