2022 жылғы 1 сәуірдегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) жиынтық активтері 2022 жылдың
1 тоқсанында 12%-ға ұлғайып, шамамен 1,76 трлн теңгені құрады.
МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымына – 982,5 млрд теңге немесе 55,9%, кредиттік серіктестіктерге - 563,2 млрд теңге немесе 32,0%, ломбардтарға – 212,5 млрд теңге немесе 12,1% тиесілі.
МҚҚЖҰ-ның жиынтық міндеттемелері 2022 жылғы 1 тоқсанда 7,5%-ға ұлғайып, 1 трлн теңгеден астам болды. Жиынтық міндеттемелердің негізгі үлесін алынған қарыздар 80,9%-ды немесе 871,9 млрд теңгені құрайды.
Микроқаржы секторының жиынтық меншікті капиталы 680,7 млрд теңгені құрады және негізінен жарғылық капитал мен бөлінбеген пайдадан қалыптасты. 2022 жылғы 1 тоқсандағы жағдай бойынша МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы 19,9%-ға немесе 113,1 млрд теңгеге ұлғайды.
МҚҚЖҰ-ның жиынтық несие портфелі 2022 жылғы 1 тоқсандағы жағдай бойынша 107 млрд теңгеге немесе 7,8%-ға ұлғайып, 1,48 трлн теңгені құрады. Ұлғаю, негізінен, жеке тұлғаларға берілетін қарыздардың өсуіне байланысты.
Микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер берген қарыздар (микрокредиттер) (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде) тиісінше активтердің 77,0% және 94,4%-ын құрады. Бұл ретте ломбардтар мен онлайн-кредиторлардың активтерінде құнсыздануға арналған резервтерді шегергендегі несие портфелі тиісінше 67,1% және 85,5%-ды құрайды.
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МҚҚЖҰ жеке тұлғаларға берген қарыздар 2022 жылғы 1 тоқсанындағы жағдай бойынша
4,2% - ға өсіп, 1,07 трлн теңгені құрады, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге берілген қарыздар 8,0%-ға, 0,36 трлн теңгеге дейін өсті.
Заңды тұлғаларға қарыздар 2022 жылғы 1 тоқсанындағы жағдай бойынша 18,0%-ға 0,41 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі МҚҚЖҰ портфелінде 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4,9%-ды құрады (2022 жылғы 1 қаңтарға – 4,5%). Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 6,5%-ды (2022 жылғы 1 қаңтарға – 5,8%), заңды тұлғалардың портфелінде – 0,3%-ды (2022 жылғы 1 қаңтарға - 0,2%) құрады.