ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылғандар туралы мәлімет алмасу, олардың банкке қарызы мен микронесиесі бар-жоғын анықтау және төлем мерзімін кейінге қалдыру ережелеріне түзетулер жобасын әзірледі.

Жоба ҚР Қорғаныс министрлігі мен несие бюролары арасында ақпарат алмасу тәртібін бекітеді. Бұл сарбаздардың несие төлемдерін уақытша тоқтата тұруға және жеке тұлғаның несие есебінде оның әскерде жүргені немесе босатылғаны туралы мәліметті көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар құжат бойынша банктер мен МҚҰ әскер жасындағы азаматтардан несиеге өтінім түскенде, оның мәртебесін несие есебі арқылы тексеруге міндеттеледі. Егер азаматтың мерзімді әскери қызметте жүргені туралы ақпарат расталса, оған несие беруден бас тартылады.

Жоба 2026 жылғы 3 ақпанға дейін ашық талқылауда болады.