2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Қазақстан экономикасына берілген несие көлемі жалпы 42,8 трлн теңгеге жетті. Көрсеткіш бір жылда +20,4% немесе +7,2 трлн теңгеге ұлғайған.

Қаржы секторы қарқынды өсіп келеді, бірақ өсіинің негізгі драйвері тұтынушылық несие, бизнес үлесі баяу өсуде.

Банктердің берген несиесі жалпы көрсеткіштің  86%-ы немесе 36,6 трлн теңге. Жылдық өсім: +6 трлн теңге (+19,7%),

Банктік емес ұйымдар – 6,1 трлн теңге, оның ішінде МҚҰ – 2,9 трлн теңге (банктік емес несиелердің 47,2%-ы), жылдық өсім +18,3%.

Квазимемлекеттік қорлар мен мекемелер – 3 трлн теңгеге жуық (48,4%): жылдық өсім +35,4%.