Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көкжайлауды Іле-Алатау ұлттық паркіне қайтаруға кірісті.
Естеріңізде болса, 2019 жылдың желтоқсан айында Президент Алматыға сапарында Көкжайлау жобасына тыйым салған еді.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2018 жылғы техникалық-экономикалық негіздеме бойынша «Көкжайлау» жобасының құрылысына 2017-2018 жылдары жергілікті бюджеттен 214,7 млн теңге жұмсалған.
2019 жылы жобаға жергілікті бюджеттен де, республикалық бюджеттен де қаражат бөлінбеді. 2020 жылы да қаражат қарастырылмаған.
"Тау курортын жобалау мен құрылысының барлық процедурасы қолданыстағы заңға сай жасалуда. ТЭН мен жобалау-сметалы құжаттама жұмыстары бойынша қол қойылған келісімшарт бойынша міндеттелген жұмыстар жасалып, қаражат толығымен игерілді", – деп жазады әкімдік.
Өз кезегінде қала әкімі Үкімет басшысына хат жазып, Көкжайлауды Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының құрамына қайтаруды сұрады.