2019 жылдың наурызымен салыстырғанда 2020 жылдың наурызында дәрі-дәрмектің саудасы айтарлықтай артты. Нақтырақ айтар болсақ, дәрі дәрмектің онлайн саудасы былтырғымен салыстырғанда 88,2% ұлғайды.
Екінші орында азық-түлік. Былтырмен салыстырғанда азық-түлік саудасы 55,8% көбейген.
Жеке гигиена өнімдерінің интернеттегі саудасы да былтырғыдан 29,2% артты.
Есесіне сәндену бұйымдары 2019 жылдың наурыз айындағы көрсеткішінің жартысына да жетпеген екен. Бұл нарық жалпы интернет саудасының ең аз бөлігін алады. Былтыр бірінші тоқсанда оның көрсеткіші бар болғаны 252 млн долларға тең болған.
Сонымен қатар киім, хобби заттары мен аяқ киім саудасы тиісінше 35,4%, 32,5% және 31,1% азайды.
Ал электроника, телекоммуникация және компьютер бұйымдары, ойындардың саудасы 2020 жылдың бірінші тоқсанында тиісінше 2,8 жәнне 1,4 млн долларды құрады.