Мұнайдың арзандауы мен пандемия экономика мен қаржы секторына айтарлықтай әсер етпек. Алайда, қазақстандық екінші деңгейлі банктер қиын күнге дайын. Бірен-саран банктер болмаса, көпшілігінің қоры жеткілікті.
Халықаралық рейтингтік агенттіктер банктерге қосымша ауыртпалықтың келетінін болжайды. Мәселен, Moody’s Investors Service агенттігінің мәліметінше, қазақстандық банк секторы алдағы екі жылда тұрақтылығын жоғалтпайды және қорын жеткілікті деңгейде сақтап қалады.
Fitch Ratings агенттігі де несиелендіру көлемінің төмендейтіндігінен банктер капиталдарын сақтай алатынын болжайды. Ал операциялық ортаның әлсіреуі жалпы банк секторының қорына зиян тигізбейтінін айтады.
Банктерге жекелей тоқталар болсақ, Standard & Poor’s агенттігі ЦентрКредит банкінің деңгейін "В/В" "тұрақты" деп көрсетті. Ал Fitch Ratings агенттігінің бағалауынша, Халық банк пен Форте банктің көрсеткіштері төмендеп, тиісінше "BB+" және "В" болды.
Сонымен қатар S&P Global Ratings агенттігі АТФ банктің көрсеткішін "тұрақты" деп бағалады.