Қаңтар айы Қазақстан қор нарығы үшін де, алтын-күміс пен мұнай үшін де өте жемісті ай болды.
Қазатомөнеркәсіп бір айда 50%-ға жуық қымбаттаса, ҚазМұнайГаз, Halyk Bank өте жоғары нәтиже көрсетті. KEGOC, Air Astana, ҚазМұнайГаздың арзандауы KASE-нің қарқынын төмендете алмады.

Жекелей тоқталсақ, бір айда соншалықты қымбаттады демесеңіз, Қазатомөнеркәсіп бүгін бірден 5%-дан астам арзандап кетті, яғни жақын арада компания құны енді өсе қоюы екіталай.
Ал Halyk Bank 400+ теңге позициясына мықтап жайғасқан, соңғы күндері тұрақты.
Kaspi қайтадан өзінің психологиялық межесі 40 мың теңгеден төмендеп кетті, алайда ай бойы ол да осы маңайда жүр.
Алтын да дәл бүгін сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, құлдырап кетті, кеше ғана 5,5 мың теңгеден қымбат еді, дегенмен бір айдағы өсімі өте жоғары.
Күміс те 120 доллардан асып, бүгін қайта 100 доллардан арзандап кетті. Тым волатил болып тұр.
Мұнай ақыры 70 долларға жақындады, бір айда ол да айтарлықтай өскен.
Айта кетейік, алтын-күміс пен мұнай айды әлі қорытындылаған жоқ, сауда жалғасып жатыр.