2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарымен сауда-саттық көлемі 4,3 млрд теңгені құрады және 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 78,6 %-ға төмендеді. 2021 жылдың алдыңғы төрт айлық кезеңімен (қыркүйек-желтоқсан) салыстырғанда 49,0% төмендеді.
2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан қор биржасында (KASE) нарықтың барлық секторларында сауда-саттық көлемі 86 714,8 млрд теңгені (баламасы 190 602,3 млн АҚШ долларын) құрады және 2021 жылдың тиісті кезеңіне қатысты 85,0%-ға (долларлық мәнде 71,7%-ға) өсті. 2021 жылдың алдыңғы төрт айлық кезеңімен (қыркүйек-желтоқсан) салыстырғанда 14,0 % өсті.