2024 жылдың II тоқсанында Қазақстанда орташа айлық жалақы деңгейі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға өсіп, 403 251 теңгені құрады. Медиандық жалақы 278 296 теңгені құрады. 2024 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңге болып бекітілді.

Жалақы елеулі түрде өсті: алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 5,5% артып, нақты жалақы индексі 103,7%-ды құрады, бұл инфляцияны ескере отырып, табыстың өскенін көрсетеді.

Аймақтар арасындағы көшбасшылар

Қазақстан аймақтары арасында ең жоғары жалақы өсімі Алматыда байқаллы, мұнда орташа жалақы 14,3% өсті. Ақтөбе облысында өсу 14,0%, Павлодар облысында — 12,9%, ал Шығыс Қазақстан облысында — 11,6% болды.

Ең аз өсім денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында (5,6%) және мемлекеттік басқару мен қорғаныс саласында (5,2%) байқалды.

Салалар бойынша айырмашылықтар

Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында жалақы деңгейінде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Ең жоғары өсу келесі секторларда байқалды:

  • Қаржы және сақтандыру қызметі: 23,3% өсіп, орташа жалақы 878 739 теңгені құрады.
  • Өнер, ойын-сауық және демалыс: өсім 21,5%-ды құрады.
  • Жылжымайтын мүлікпен операциялар: өсім 21,1%-ды құрады.
  • Ең жоғары жалақы тау-кен өнеркәсібінде байқалды, мұнда орташа табыс 797 618 теңгені құрап, елдегі орташа көрсеткіштен екі есе жоғары болды.

2024 жылдың II тоқсанының соңында ашық жұмыс орындарының саны 55 846 бірлікті құрады, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 1 578-ге аз. Жұмыс орындарының басым бөлігі өнеркәсіпте (28,6%), мемлекеттік басқару мен қорғаныста (18,0%), сондай-ақ көлік және қоймалауда (11,3%) шоғырланған.