Сарапшылардың айтуынша, жалпы, қазір Қазақстан экономикасы тұрақты, ал инфляция біртіндеп төмендеп келеді.
ХВҚ делегациясы Қазақстандағы миссиясын қорытындылап, баспасөз конференциясын өткізді. 18 қыркүйек пен 1 қазан аралығында миссия мүшелері еліміздегі макроэкономикалық ахуалды, жүргізіліп жатқан құрылымдық реформалардың, ақша-кредит және фискалдық саясаттың тиімділігін зерттеді. Қорытынды мәлімдемеде өз тұжырымдары мен ұсыныстарын ортаға салды.
ХВҚ миссиясының басшысы Николя Бланшенің айтуынша, Қазақстанда инфляция төмендеді және «бұл – Ұлттық банктің жан-жақты саралап жүргізіп жатқан саясатының жемісі». Оның сөзінше, реттеуші ақша-кредит саясатын байыппен жүргізіп келеді.
Сонымен қатар, Бланше орталық банктің ақша-кредит саясатына деген сенімді арттыру шаралары қажет екеніне тоқталды. Бланшенің айтуынша, ХВҚ тиісті ресми органдарға өз ұсыныстарын жолдады.
«Біз Қазақстан Ұлттық банкінің дербестігін нығайту қажет деп есептейміз. Бұл мәселені түрлі аспектіден қарау керек. Дегенмен, менің ойымша, Ұлттық банктің тура осындай дербестігі (ақша — ред.) кредит саясатын сәтті жүргізуге ықпал етеді», – деді ол.
Ол Ұлттық банктің дербестігін нығайту инфляция деңгейін төмендетуге және реттеушіге деген сенімді арттыруға жол ашатынын баса айтты.
«Инфляцияның жоғары болуы – жақсылық емес, ал Ұлттық банк инфляциямен күресу үшін базалық ставканы жеткілікті деңгейде көтеруге байланысты қиын. Дегенмен, аса қажет шешімдерді қабылдай алады», – деп түсіндірді Бланше.
Миссия басшысы бюджет тапшылығы мен Ұлттық қор қаражатын жұмсау көрсеткіші өсіп келе жатқанына арнайы тоқталды. Ол 2023 және 2024 жылдары ХВҚ миссиясы салық көрсеткіштері орындалмағанын тіркегенін, бұл жағдай 2025 жылы да сақталатынын айтты. Бюджет тапшылығын Ұлттық қордың қаражатымен жабуға болмайды.
«Барлығыңыз білесіздер, бұл – жаңалық емес, бірақ қазір осы пайдалану үрдісінің ауқымы үлкейіп келеді. Біз қаражаттың тиімсіз, тіпті кейбір операциялардың мүлдем тосын және ашық түрде жарияланбастан жұмсалғанын бірнеше рет атап өткенбіз», – деді ол.
Жалпы, оның айтуынша, қазір Қазақстан экономикасы тұрақты. Сонымен қатар, ол 6%-дық тұрақты экономикалық өсімге жету үшін құрылымдық реформаларды жалғастыру қажет екенін айтты.
Айта кету керек, ХВҚ мен ҚР Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес ХВҚ миссиясы консультациялар өткізу үшін жылына екі рет Қазақстанға келеді.