Желтоқсан айының қорытындысы бойынша, айырбастау пункттерінде доллар сату көлемі қарашамен салыстырғанда 37,5% өсіп, 322,7 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің дерегінде айтылған. Теңгенің айтарлықтай нығаюы аясында бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83% жоғарылаған.

Еуроға деген сұраныс та жоғары деңгейде сақталып отыр — 14,7 млрд теңге. Демек, доллар басымдыққа ие болған айларда да валюталық себетті әртараптандыру жоғалған жоқ.

Сонымен қатар қазақстандықтар қолдағы рубльден арылуды жалғастырып жатыр. Айырбастау пункттері тұрғындардан 11,7 млрд теңгенің рублін қабылдаған (бір ай бұрын бұл көрсеткіш 18,5 млрд болған еді). Рубль бойынша теріс нетто (сатудан қарағанда өткізудің көп болуы) 2024 жылдың желтоқсанынан бері сақталып келеді. Яғни, енді рубль жинақ құралы емес, көбіне аймақтық транзакциялар үшін ғана қолданылып жатыр.

Сұраныстың негізгі бөлігі ірі мегаполистерде шоғырланған. Желтоқсандағы сұраныстың өсуі дүрбелең емес, үй шаруашылықтарының қалыптасқан моделі: бағам сәл тұрақталса болды, валюталық қор толықтырылады. Бұл ретте сұраныс құрылымы көбіне доллар мен еуроға қарай ойысып келеді.

Айта кетсек, бұған дейін де қазақстандықтар рубльді белсенді түрде сатып алмай, керісінше, қайта сатып жатқан еді.