,2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР-да қазақстандық және шетелдік эмитенттер шығарған төлем карталарынан 10,3 трлн теңге қолма-қол ақша шешіп алынды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 6,9% өсті, деп хабарлайды ranking.kz.
Карталардағы қаражат айналымының ішінде қолма-қол ақшаны шешім алу үлесі төмендеп келеді. Биылғы қаңтар-маусым айларында көрсеткіш небары 19,1 пайызды құрады. Ескерту: бір жыл бұрын 24,6%, 2020 жылы 37,9% болған еді.
10 теңгенің 9 теңгесін дерлік банкоматтардан алады. 2022 жылдың қаңтар–маусым аралығында төлем карталары арқылы ҚР аумағындағы алынған қолма қол ақша көлемі 9,1 трлн теңгеге жетті, бұл 2021 жылдың сәйкес уақытындағыдан 7,6% көп. Соның ішінде POS-терминалдар үлесі 1,2 трлн теңге — бір жыл бұрынғыдан небары 2% көп.
ҚР өңірлері арасында биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында қолма-қол ақшаны алудың ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі: 2,3 трлн теңге. Одан кейін елорда (1,2 трлн теңге) және Қарағанды облысы (762,2 млрд теңге) тұр. Ең аз Солтүстік Қазақстан (218,1 млрд теңге), Ақмола (272,6 млрд теңге) және Батыс Қазақстан (315,4 млрд теңге) облыстарына тиесілі.
Төлем карталары бойынша жалпы айналымдағы қолма-қол ақшаны алу үлесі ең аз Алматыда 10,8%, ал ең көп Солтүстік Қазақстан облысында 37,4%. Сондай-ақ қолма-қол ақшаны алу үлесі Шымкентте (19%), елордада (19,3%) және Атырау облысында (19,7%) аз. ҚР өңірлері арасында қолма-қол ақшаны алудың ең жоғары үлесі Солтүстік Қазақстан облысынан басқа Шығыс Қазақстан (32,9%), Ақмола (32,7%), Қостанай (31,6%) және Павлодар (30,7%) облыстарына тиесілі.