SPO шеңберінде Halyk Bank акцияларын орналастыру бағасы 298,66 теңгені құрайды.

Бұл ретте, 21 қараша 10:30-дағы баға 323,90 теңге болып тұр. Осылайша, АЛМЭКС өзінің акцияларын нарықтық бағадан 7,8% дисконтпен сатады.

Айта кетсек, АЛМЭКС акционері және Halyk Bank кемінде 12 млн ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхат), яғни, банк акциясының шамамен 4%-ын сату бойынша ашық ұсыныс пен өтінімдер жинауды бастағанын хабарлаған еді

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Құлыбаевтар АЛМЭКС холдингтік тобы арқылы 69,5% акцияға ие; ЖДҚ ұстаушылардың үлесі — 27,9%; басқа инвесторлар мен акционерлердің үлесі 2,6%.