Halyk Bank акционерлері 2024 жылға дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Дивиденд мөлшері бір акцияға 29,6 теңге, жалпы 322,1 млрд теңге. Бұл банктің 2024 жылғы таза пайдасының 35% жуығы. Банк былтыр 921 млрд теңге таза пайда тапқан.
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, айналыстағы бағалы қағаздардың 69,67%-ы банктің басты акционері АЛМЭКС холдингіне тиесілі. Ал холдинг Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі. Олардың әрқайсысы 2024 жылға 112,2 млрд теңге дивиденд ала алады.
Halyk Bank акциясының тағы 28,28%-ын номиналды The Bank of New York ұстайды. ЖДҚ түріндегі бұл бағалы қағаздар Лондон қор биржасында (LSE) саудаланады және миноритарлық акционерлерге тиесілі, олар жалпы сомасы 91,1 млрд теңгеге дейін ала алады.
Банк бағалы қағаздарының тағы 223,3 млн-ы немесе 2,05%-ы KASE-де саудаланады және миноритарлық акционерлерге тиесілі. Олар бойынша дивидендтердің жалпы сомасы 6,6 млрд теңгені құрауы мүмкін.