Halyk Bank I жартыжылдықтағы қаржылық нәтижелерін жариялады.

Halyk Bank (HSBK) 2025 жылдың алғашқы алты айы мен екінші тоқсанына қатысты қаржылық есептерін ұсынды. Банк көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім көрсетіп отыр.

Нәтижелері, I жартыжылдық 2025 (жылдық салыстыру):

  • Таза пайыздық табыс ₸434,8 млрд-тан ₸574,1 млрд-қа дейі +32% өсті
  • Таза пайда ₸379 млрд-тан ₸525,6 млрд-қа дейін ұлғайды (+38,6%).
  • Бір акцияға шаққандағы пайда (EPS) – ₸48,54 (2024 жылғы көрсеткіш – ₸34,7).

Нәтижелері, II тоқсан 2025 (жылдық салыстыру):

  • Таза пайыздық табыс ₸206 млрд-тан ₸275,9 млрд-қа дейін өсті (+33,9%).
  • Таза пайда ₸201,1 млрд-тан ₸253,5 млрд-қа жетті (+26%).
  • Бір акцияға шаққандағы пайда (EPS) – ₸23,25 (2024 жылғы көрсеткіш – ₸18,45).

Банк акционерлеріне дивиденд төлеу мәселесін қарастыру үшін 2025 жылдың 22 қыркүйегінде кезектен тыс акционерлер жиналысын өткізуді жоспарлап отыр. Банк директорлар кеңесі жай акциялар бойынша әр акцияға ₸21 көлемінде дивиденд төлеуді ұсынды.

  • Кезең: 2024 жыл (алдыңғы жылдардағы бөлінбеген таза кірістен);
  • Тізімді бекіту күні: 23 қыркүйек 2025 жыл (Алматы уақытымен 00:00);
  • Төлем басталуы: 25 қыркүйек 2025 жыл.

2025 жылғы 18 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша Halyk Bank акциялары ₸369 деңгейінде жабылды. Осылайша жоспарланған дивиденд ағымдағы бағаға шаққанда 5,6% дивидендтік кірістілікке тең.