Home Credit Bank сатып алу туралы мәміле аяқталғаннан кейін ForteBank-ке қосылады. Бұл туралы 2025 жылғы 29 шілдеде Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған құжатта айтылған. Құжатта 2025 жылғы 14 тамызға жоспарланған «ForteBank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне өзгерістер енгізілгені туралы хабарлама келтірілген.
«2025 жылғы 27 маусымда «ForteBank» АҚ мен PPF Financial Holdings a.s. (Home Credit Bank АҚ-на қатысты), Иржи Шмейц (Jiří Šmejc) (сондай-ақ Home Credit Bank АҚ-на қатысты), Home Credit N.V. (HomeITTech ЖШС-не қатысты), және Home Credit International a.s. (HomeITTech ЖШС-не қатысты) арасында жасалған акцияларды және жарғылық капиталдағы үлестерді сатып алу-сату шартына сәйкес, ForteBank АҚ 34 890 дана Home Credit Bank АҚ акцияларын (яғни орналастырылған және дауыс беретін акциялардың 100%-ы) сатып алғаннан кейін, ForteBank АҚ мен Home Credit Bank АҚ ерікті түрде қайта ұйымдастырылып, Home Credit Bank АҚ ForteBank АҚ құрамына қосылады», — делінген.
«Home Credit Bank АҚ-ты ForteBank АҚ-қа қосу туралы шарт жобасын мақұлдау туралы».