FlyArystan Қытайға бағыттар желісін кеңейтуде: Ақтаудан Үрімшіге алғашқы рейс орындалды

FlyArystan Қытайға бағыттар желісін кеңейтуде: Ақтаудан Үрімшіге алғашқы рейс орындалды

FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Үрімші жаңа халықаралық бағыты бойынша алғашқы рейсін орындап, Қазақстанның батысы мен Қытайдың ірі логистикалық орталықтарының бірі арасындағы тікелей әуе қатынасын ашты. Жаңа бағыт екі ел арасындағы көлік байланысын нығайтуға, сондай-ақ саяхат, туризм және іскерлік сапарлар мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері, ал кері бағытта сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу кестесі жолаушылардың таңертең діттеген жеріне жетуіне мүмкіндік беріп, қаламен танысуға күнін барынша тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

FS7661 алғашқы рейсі Ақтау Халықаралық әуежайынан сағат 20:20-да ұшып шығып, бүгін жергілікті уақыт бойынша 03:05-те Үрімшіге қонды. Кері рейс Үрімшіден 04:05-те ұшып шығып, Ақтауға 05:20-да жетті.

Ақтау халықаралық әуежайында жаңа бағыттың ашылуына орай FlyArystan әуекомпаниясының, әуежайдың және Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен салтанатты шара ұйымдастырылды. Алғашқы рейстің жолаушыларына мерекелік бағдарлама мен сый-сияпаттар ұсынылды. Үрімші Халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесін авиациядағы дәстүр бойынша су бұрқамасымен қарсы алды. Жаңа бағыттың ашылуына орай жолаушылар мен экипажға фотосессия ұйымдастырылып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Қытай бағыты бойынша маршруттар желісін кеңейту FlyArystan әуекомпаниясының халықаралық тасымалдарды дамыту және Қазақстан тұрғындары үшін әуе қатынасының қолжетімділігін арттыру стратегиясының бір бөлігі саналады. Астанадан Қытайға рейстерді іске қосудан бөлек, 2026 жылдың маусым айында әуекомпаниясы Алматы – Сиань жаңа бағытын ашып, Астана – Үрімші және Алматы – Инин бағыттарын толықтырды.

Билеттерді әуекомпанияның ресми сайтынан, FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы және басқа да сату арналары арқылы сатып алуға болады.