FlyArystan кешіккен немесе тоқтатылған рейстерге арналған платформаны іске қосады

FlyArystan кешіккен немесе тоқтатылған рейстерге арналған платформаны іске қосады

FlyArystan рейс кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда жолаушыларға өз бетінше қызмет көрсетуге арналған жаңацифрлық жүйенің іске қосылғанын хабарлайды. Жаңа қызмет арқылы жолаушылар байланыс орталығына жүгінбей-ақ, кейінгі әрекеттердің қолжетімді нұсқаларын онлайн режимде өздері таңдау мүмкіндігін ұсынады.

Рейс өзгерісі туралы дербестендірілген хабарлама

Ұшуға 72 сағаттан аз уақыт қалғанда рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда жолаушыларға билет рәсімдеу кезінде көрсетілген байланыс деректері бойынша WhatsApp немесе электронды пошта арқылы дербестендірілген хабарлама жіберіледі.

Хабарламада рейстегі өзгерістер туралы негізгі ақпарат, соның ішінде бастапқы және жаңартылған ұшу уақыты көрсетіледі.

Барлық қолжетімді нұсқа – бір сілтемеде

Жолаушы WhatsApp немесе электронды пошта арқылы жіберілген бірегей сілтеме бойынша дербестендірілген веб-парақшаға өтеді. Тіркелу немесе қосымша деректер енгізу қажеттілігі жоқ.

Веб-парақшада нақты рейс, билет және өзгерістің сипаты ескеріле отырып, жолаушыға қолжетімді әрекет нұсқалары автоматты түрде көрсетіледі. Жағдайға байланысты жолаушы:

  • «Жаңа ұшу уақытымен келісу» – рейстің ауыстырылғануақытын растай алады;

  • «Ұшу уақытын ауыстыру» – балама рейсті таңдай алады;

  • «Әуебилетті қайтару» – егер бұл әуекомпания қағидаларында көзделсе, билет құнын қайтаруға өтінімбере алады.

Дербестендірілген сервисті FlyArystan әуекомпаниясының барлық жолаушылары билет сатып алған арнасына қарамастан пайдалана алады. Бұл ретте билетті FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан сатып алған жолаушылар ғана цифрлық платформа арқылы тікелей ақшаны қайтаруды рәсімдей алады.Турагенттіктер немесе онлайн-агрегаторлар арқылы билет сатып алған жолаушылар билетті қайтаруды оны сатып алған жері арқылы жүзеге асыра алады.

Сондай-ақ рейс 5 сағаттан аз уақытқа кешіктірілген жағдайда, әуекомпания ережелерінде айыппұлсыз мәжбүрлі түрде қайта брондау немесе ақшаны қайтару мүмкіндігі қарастырылмағанын ескеру қажет. Мұндай жағдайда цифрлық сервисте жолаушыға тек «Жаңа ұшу уақытымен келісу»опциясы қолжетімді болады.

Жолаушылар үшін артықшылықтары

Жаңа қызметтің көмегімен FlyArystan жолаушылары кейінгі әрекеттердің барлық қолжетімді нұсқаларымен өз бетінше танысып, байланыс орталығы операторының жауабын күтпей-ақ, өздеріне қолайлысын таңдай алады.

Барлық әрекет онлайн режимде орындалып, бірнеше секундты ғана алады. Бұл рейс кестесі өзгерген жағдайда мәселелерді шешуге кететін уақытты қысқартуға, үдерісті барынша ашық етуге және жолаушыға сапарын өз бетінше басқаруға көбірек мүмкіндік беруге көмектеседі.

FlyArystan барлық жолаушыларға хабарламалар жібереді. Алайда рейске қатысты өзгерістер туралы ақпаратты жеткізілуі үшін билет брондау кезінде дұрыс әрі өзекті байланыс деректерін көрсету маңызды. Деректерде ұшуды жүзеге асыратын жолаушының мобильді телефон нөмірін көрсету ұсынылады. Телефон нөмірі немесе электрондық пошта мекенжайы қате көрсетілген жағдайда, сондай-ақ жолаушы бұған дейін хабарлама жіберушіні бұғаттаған немесе FlyArystan-ның электрондық хаттарын спам ретінде белгілеген болса, хабарламалар жеткізілмеуі мүмкін.

Цифрлық платформаның жұмысы мен оның мүмкіндіктері туралы толығырақ ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіп, сервисті пайдаланып көруге болады: https://flyarystan.com/kk/promo/irop

FlyArystan жолаушыларға сапарын жылдам әрі ыңғайлы түрде өз бетінше басқаруға мүмкіндік беретін цифрлық қызметтерді дамытып, инновациялық мүмкіндіктерді енгізуді жалғастырады.