- Төлем.
- Несиелеу.
- AI & ML.
- Сақтандыру (InsurTech).
- Цифрлық идентификация.
- Мобильді әмиян.
- Киберқауіпсіздік жәнеантифрод.
- Open API.
- Инвестиция және қаражат жинау.
- Маркетплейстер.
- Қаржылық сауаттылық.
Fintechstars Innovation Day онлайн марафоны өтеді
Fintechstars Innovation Day онлайн-марафонына өтінім қабылданып жатыр.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Орта Азия елдерінің кәсіпкерлері, инноваторлары мен қаржы технология саласындағы стартапшыларға бірегей мүмкіндік ұсынып отыр.
Fintech, инновациялар мен кәсіпкерлікке қызығушылық танытып, Орталық Азия нарығына шығуға дайынсыз ба? Немесе қаржы технологиялар саласындағы соңғы тенденциялар туралы білгіңіз келе ме? Fintechstars Innovation Day онлайн-марафонға стартап немесе қонақ ретінде қосылыңыз.
30 маусым күні өтетін онлайн марафонда қаржы саласындағы стартапшылар ірі корпорацияларға өз өнімдерін таныстыратын мүмкіндікке ие болады. Марафонға қалыптасқан стартаптармен қатар, енді ғана жасалып жатқан стартаптар да қатыса алады. Марафон барысында ең үздік деген 15 стартап таңдап алынады.
Байқауға қатысу үшін стартаптың бағыты мыналардың біреуі болуы керек: