Биылғы қаңтар-тамыз айларында елімізде көші-қонды заңсыз ұйымдастыруға байланысты 66 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 19,5% аз, деп хабарлайды finprom.kz
Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде республика бойынша 82 заң бұзушылық тіркеліп, жылдық өсім айтарлықтай 43,9% болған еді.
Көші-қонды заңсыз ұйымдастыру бабы бойынша құқық бұзушылар саны биылғы жылы 18,6% азайып, 48 адамға жетті.
Өңірлер бойынша көші-қонды заңсыз ұйымдастыру фактілері ең көп Жамбыл облысында тіркелді: 17 құқық бұзушылық, дегенмен бір жыл бұрынғыдан 34,6% азайған.
Одан кейін Алматы қаласы: 11 жағдай, жылдық өсім бірден 57,1%. Артынша Түркістан облысы: 9 жағдай, былтырғыдан 18,2% аз.
Құқық бұзушылықтардың ең азы Ақмола облысы мен Астанада тіркелді: әрқайсысында бір ғана жағдай. Сонымен қатар, жаңадан құрылған үш облыста (Абай, Жетісу және Ұлытау), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында мүлде бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, бірінші жартыжылдықта әкімшілік құқық бұзушылықтар саны бір жылда бірден 2,1 есе өсіп, 48,6 мың іске жетті.
Осылайша, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу жағдайларының саны жылына 2,7 есеге, 34 мың жағдайына дейін, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы халықтың көші-қон заңнамасын бұзуы 43,2%, 13,5 мыңға дейін, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын тарту жағдайлары 47,8%, 1,1 мыңға дейін өсті.
Өздеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарылған тұлғалардың саны 47,3 мың адамды құрады.
28,7 мың адамға ескерту, 12,9 мың адамға әкімшілік айыппұл салынды, 2,6 мың адам әкімшілік қамаққа алынды, сонымен қатар, 3,2 мың шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ҚР-дан шығарылды.