Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар сатып алу көлемі қыркүйекте тамызбен салыстырғанда 22,8% төмендеп, 107,1 млрд теңгені құрады. Үш ай қатарынан өскеннен кейін бұь көрсеткіш бірінші рет төмендеп отыр. Жылдық көрсеткіш 36% кеміген, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Сонымен қатар қазақстандықтар рубльден арылуды жалғастырып жатыр, дегенмен бір айдағы нетто-операциялар көлемі –31 млрд теңгеден –16,6 млрд теңгеге дейін төмендеді (бір жыл бұрын –239 млн болатын). Бұл тренд 2024 жылдың желтоқсанынан бері сақталып келеді.