Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2024 жылғы шілдеде негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 2,7%, 28,5 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 2,1%, 36,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Шетел валютасындағы депозиттер 2024 жылғы шілдеде 0,2%, 8,0 трлн теңгеге дейін, оның ішінде АҚШ долларының теңгеге қатысты нығаюы аясында қайта бағалау нәтижесінде ұлғайды.
Нәтижесінде 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша долларландыру деңгейі 21,9%-ды құрады (2024 жылғы шілдеде – 25,6%).