Қазақстандағы Chevrolet Cobalt бір аптада 1,7 млн теңгеге бір-ақ арзандады. Ресми дилерлер маусым айының соңында танымал седандардың бағасын төмендетті, бірақ 2 шілдеде модель одан да арзандады.

Қазір таксишілер көлігі аталып кеткен седанды дилерден 6,5 млн теңгеге сатып алуға болады. Дегенмен, жеңілдіктер тек 2024 жылы шығарылған көліктерге қатысты екенін атап өткен жөн.

Еске салайық, 24 маусымға дейін Optimum жиынтығындағы модель 8,19 млн теңге тұрды, содан кейін оның бағасы 7,29 млн теңгеге дейін төмендеді. Енді қазақстандықтар Chevrolet Cobalt көлігін тағы 800 мың теңгеге арзанға сатып алатыны белгілі болды.

Басқа модельдерге келетін болсақ, Onix механикалық беріліс қорабымен базалық нұсқасы қазір 6,99 млн теңге тұрады, ал Tracker кроссовері 9,99 млн теңгеден басталады.