Ақтөбедегі "Бесаспап қыз жасауы тігін цехы" дизайнерлік павильоны 4 жылдан бері істеп тұр.
Цех иесі Әбдірахманова Самал бұрын журналист болып қызмет еткен. 2015 жылы журналистикадан кетіп, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ұлттық нақышта жасау тігуді қолға алды.
Қазіргі таңда 4 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкердің әлеуметтік желіде 50 мыңнан артық оқырманы мен өзіндік тұтынушылар базасы қалыптасқан.
Самалдың өнімі Ақтөбе облысы бойынша жоғары сұранысқа ие. Нақтырақ айтқанда көрпе, жамылғы, жастық, матрас секілді түрлі өнімдерін көпшілік жоғары бағалайды.
Алдағы уақытта кәсіпкер өзіндік дизайнерлік киімдер брендін құруды жоспарлап отыр.