«Kokshe» арнайы экономикалық аймағын құру туралы жоба Ашық НҚА порталында жарияланды.
Экономикалық аймақ Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай ауылында 28.5 гектар жерге салынады.
Онда қонақүй, санатория, сауықтыру кешендегі, тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандар, инфрақұрылым, музей, спорт нысандары, аквапарк, ойын аттракциондары салынбақ.
Арнайы экономикалық аймақта арнайы құқықтық, салықтық және кедендік режим болады.
Инвестиция көлемі 2022 жылы 7.7 млрд теңге; 2023 жылы 41.3 млрд; 2024 жылы 84 млрд; 2025 жылы 87.4 млрд; 2026-2046 жылдары аралығында 90.4 млрд теңгеден салынбақ.