Қазан айында бизнестің алған несиесі қыркүйекпен салыстырғанда 16% төмендеп, 1,6 трлн теңгеге жетер-жетпес болды. Бұл соманың үлкен бөлігі, яғни 1,4 трлн теңге негізгі динамиканы айқындаған заңды тұлғаларға тиесілі: қыркүйекпен салыстырғанда 18% азайған. Бірақ бұл жерде ескеретін жайт бар, қыркүйекте жекелеген үлкен келісімшарттар аясында сомалар да айтарлықтай болды.
Бизнес тарапынан алынған несиелердің саны 8%, 48,5 мың бірлікке дейін өскен. Оның ішінде 35,7 мың бірлікті ЖК қамтамасыз етті, қыркүйекпен салыстырғанда өсім +10%.