Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген несие портфелі 2026 жылғы тамызда бизнеске берілген несиенің өсуі есебінен 1,7% ұлғайып, 42,8 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бері 6,5% өсті).
Ұлттық валютадағы несие 1,3% 38,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 4,5% 4,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгемен берілген несие үлесі 2026 жылғы 1 қыркүйекте 89,7%-ды құрап, 0,3 п.т.-қа азайды.
Екінші деңгейдегі банктердің жаңа несие беру көлемі 2026 жылғы тамызда 3,8 трлн теңге, бұл өткен жылғы тамыз айына қарағанда 9,6% көп.
Бизнес субъектілеріне несие портфелі 2026 жылғы тамызда бизнес субъектілерінің барлық санаттары бойынша қарыздар портфельдерінің өсуі есебінен 2,3%, 16,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 5,9% ұлғайды). ШОБ субъектілеріне қарыз портфелі 2,6%, 7,9 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 15,9% өсті), ірі бизнеске – 2,7%, 5,1 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 7,9% азайды), жеке кәсіпкерлерге – 1,1%, 3,4 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 8,7% өсті) ұлғайды.
2026 жылғы тамызда көлік пен жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды қоспағанда, экономиканың барлық негізгі салаларында қарыз портфелінің өсуі байқалады (тиісінше 0,7% және 1,8% азайды). Өнеркәсіпте несие портфелі 2,8% 5 436 млрд теңгеге дейін, саудада – 2,2%, 4 205 млрд теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында – 3,2%, 530 млрд теңгеге дейін, құрылыста – 5,4%, 948 млрд теңгеге дейін, байланыс және ақпарат саласында – 4,3%, 306 млрд теңгеге дейін, өзге де қызметтерде – 2,8%, 3 011 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
2026 жылғы тамызда бизнес субъектілеріне 2,1 трлн теңге сомасына жаңа қарыз берілді, бұл негізінен ШОБ субъектілеріне жаңа қарыздар беруді 47,3% және ірі бизнеске жаңа қарыздар беруді 21,0% ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда 26,2% артық.