Қаржы министрлігі 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жариялады. Бүгінгі таңда бюджет тапшылығы 2,8 трлн теңгені құрады, бұл жоспарланғаннан 27,5% артық (2,19 трлн теңге).
Қаржы министрлігінің болжамы бойынша, шілде айының соңына дейін республикалық бюджетке 11,56 трлн теңге табыс түсуі тиіс болса, іс жүзінде 1,39 трлн теңгеге аз немесе 10,2 трлн теңге түсті. Табыс жоспары 88,8 % орындалды.
Бюджет табысының басым бөлігі салық түсімдері есебінен қалыптасты, олар 7,75 трлн теңге күтілгенімен, іс жүзінде 6 трлн теңгені құрады, бұл жоспардың 78,3% орындалуына сәйкес келеді.
Корпоративтік табыс салығы бойынша (2,42 трлн орнына 1,78 трлн теңге, жоспар 73,6% орындалды) және қосымша құн салығы бойынша (3,5 трлн орнына 2,5 трлн теңге, 70,9%) тапшылық орын алды.
Шілде айының соңына қарай бюджет шығыны 13,5 трлн теңге көлемінде күтілсе де, 12,95 трлн теңгені құрады, бұл жоспарланғаннан 4,5% аз.
Ұлттық қордан бюджет тапшылығын жабуға арналған трансферттер 3,4 трлн теңге деңгейінде жоспарланғанымен, іс жүзінде 2,9 трлн теңгені құрады, бұл жоспарланғаннан 11,8% аз. Кепілдендірілген трансферттер 2 трлн теңгені, ал әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға арналған нысаналы трансферттер күтілген 1,4 трлн теңгенің орнына 999 млрд теңгені құрады.
Шілде айының соңына қарай шикізаттық емес бюджет тапшылығы 6,39 трлн теңге көлемінде жоспарланса, іс жүзінде 6,6 трлн теңгеге жетіп, жоспардан 3,5% артық.