2025 жылғы қазанда айлық инфляция деңгейі 0,5%-ды құрады.
Азық-түлік тауарларының ішінде басты пияз 7,7%, алма – 6,1%, қызылша – 5,1%, қырыққабат – 4,7%, сәбіз – 4,4%, қант – 2%, жүзім – 1,1%, лимон – 0,8% арзандады. Бағаның өсуі шоколадқа 2,3%, кофеге, дайын дәмдеуіштер мен тұздықтарға – әрқайсысы 1,8%-дан, құрмаға – 1,6%, жарма өнімдеріне – 0,7% болды.
Азық-түлік емес тауарлар арасында биылғы қазан айында отандық құрастырылған жаңа автокөліктердің бағасы 1,5% төмендеді. Қолшатыр 4,2%, электр жылытқыш 2,5%, цемент 0,4% қымбаттады. Жуу және тазалау құралдардың, жеке қолданылатын тауарлардың баға деңгейі әрқайсысына 1% -дан, киім мен аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға 0,8%-дан өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифі 40%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 10,7%, электр энергиясы тарифі 2% төмендеді. Қоғамдық тамақтану қызметтері 2%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 1,5%, тренажер залдары 0,8% қымбаттады.
Жылдық мәнде инфляция 2025 жылғы қазанда 12,6% құрады.
Азық-түлік ішінде жылдық мәнде күріш 8,3%, өрік 5%, қызанақ 1,4% арзандады. Кептірілген жемістер мен жаңғақтар 2,9% қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде кір кептіргіш 31,7%, мұздатқыш 16,6%, үтіктеу тақтасы 13,6% арзандады. Ас үй құралдары бағасының деңгейі 7%, электрбұрғы 5,9%, электр шамы 5,2% өсті.
2024 жылдың қазан айымен салыстырғанда аяқ киім жөндеу қызметтерінің бағасы 8,9%, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 7,8% өсті. Бассейн қызметтері 10%, тренажер залдары 8,8% қымбаттады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
Айта кетсек, қыркүйекте инфляция 12,9% болған еді. Көкөніс арзандап, қызметтер қымбаттаған болатын. Ал айлық инфляция деңгейі 1,1% құрады.
Қазан айында Ұлттық Банкінің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған еді.