Базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін банк акциялары жаппай арзандап жатыр

Базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін банк акциялары жаппай арзандап жатыр

Қазақстан қор биржасында (KASE) төрт ірі банк акциясы сауда күні төмен көрсеткішпен ашылды. Негізгі себеп — базалық мөлшерлеменің 18%-ға дейін көтерілуі және инвесторлардың тәуекелден қашуы болып отыр.

ForteBank акциялары 2,74% төмендеп, 13,5 теңгеге дейін түсті. Бұл соңғы апталардағы ең айқын құлдырау.

ЦентрКредит Банк акциялары яғни бір тәулікте –1,65% төмендеп, 4 780 теңге болды. Биржа дерегіне сәйкес, соңғы 52 аптадағы акция бағасы 6 000 теңгеден 1 700 теңгеге дейін құбылып отырған.

Kaspi бағалы қағаздары да қысымға түсті — 42 300 теңге болып, –1,17% пайыз арзандады.

Halyk Bank акциясы 357,5 теңге болып тұр. Тәуліктік өзгеріс –0,08%. Құлдырау көлемі шағын болғанымен, тренд жалпы нарық бағытынан алшақ емес.

Айта кетсек, жақында  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған еді

Сондай-ақ Мәжілісте қаралып жатқан «Банктер туралы» жаңа заң жобасынан кейін Қазақстан банктерінің құнды қағаздары KASE биржасында құлдырай бастады.