COVID-19 пандемиясына қарамастан, қазақстандық банктердің жағдайы жақсарып келеді. Биыл мамыр айындағы мәлімет бойынша банктердің активтері 13 пайыз өсіп, 28,2 трлн теңгеге жетті.
Банктердідң активтерінің өсіміне бірінші кезекте несие портфелінің артуы себеп болды. Несие портфелі осы уақытта 13,6% өсіп, 15,1 трлн теңгеге жеткен.
Қазір банктердің қолдарындағыи ликвидті актив 13 трлн теңге. Соның ішінде 10 трлн теңге жоғарыликвидті актив.
Сонымен қатар банктердің капиталдарының да көлемі 25,8 пайыз өсіп, 4,6 трлн теңгені құрады.
Халықаралық рейтингтік агенттіктерд де бір ауыздан қазақстандық банктердің дағдарысты еңсере алатынын айтып отыр. Атап айтқанда, Moodys Investors Service қазақстандық банктердің алдағы екі жылға сеніммен қарай алатынын айтса, Fitch Ratings соңғы кездері қазақстандық банктердің жағдайы жақсарғанын айтады.
Банктерге жекелей тоқталар болсақ, екінші деңгейлі ТОП-10 банктің ішінде тек Жусан банкінің ғана несиелік рейтингі өскен. 28 сәуірде Standard & Poors агенттігі бұл банктің рейтингін «В−»-тен «В»-ға көтерді. Ұлттық рейтингте көрсеткіш «kzBB»-дан «kzBB+»-ке өсті.
Ал Халық банкінің рейтингін Fitch Ratings "тұрақтыдан" "негативке" түсірді. Оған себер ел экономикасының құлдырауы дейді агенттік. Алайда S&P Global Ratings Халық банктің рейтингін "тұрақты" деп сақтап қалды.
Standard & Poors агенттігі сонымен қатар Каспи банкінің де рейтингін "тұрақты" деп қалдырды.
Еуразиялық банкке келер болсақ, Moodys агенттігі бұл банктің рейтингін "негатив" деп бағалайды.