2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 40,9 трлн теңгеге дейін 2,7%-ға өсімі есебінен биылғы  тамызда 2,4% ұлғайып, 66,6 трлн теңгені құрады. Яғни, 2025 жылдың басынан 8,3% өсті.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,5 трлн теңгені немесе активтердің 29,3%-ын құрады. Бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы тамызда негізінен жеке тұлғалардың салымдарының 0,8% өсімі 26,1 трлн теңгеге дейін және репо операцияларының 22,5% өсімі 2,5 трлн теңгеге дейін нәтижесінде 2,3% 56,9 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 8,0% өсім) ұлғайды.

Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы тамызда негізінен биыл бөлінбеген таза пайдасының ұлғаюы нәтижесінде 3,1%-ға өсімі 9,8 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 10,1% өсім) ұлғайды. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,7%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,1%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2025 жылғы қаңтар-тамызда банктердің таза пайдасы 1 864 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,7% артық. Банк активтерінің рентабельділігі (RОА) 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 4,5%-ды (01.08.2025ж. – 4,6%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 30,8%-ды (01.08.2025ж. – 31,5%) құрады.