Банктердің қыркүйектегі депозит пайызы

Қазақстан банктері ақша-несие саясатының жұмсаруына байланысты теңгедегі депозит мөлшерлемелерін төмендетуді жалғастырып жатыр. Қыркүйек қорытындысы бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері (ЖТСМ) мынадай болды:

  • Bereke Bank — 3 айға 20%;

  • Home Credit Bank — 3 айға 19,6%;

  • Altyn Bank — 3 айға 19,56%;

  • BNK Bank — 3–24 айға 19,51%;

  • Freedom Банк — 3 айға 19,5%;

  • KMF Bank — 3 айға 19,46%;

  • Еуразиялық банк — 3 айға 19,23%;

  • Нұрбанк — 3–6 айға 19,02%;

  • ForteBank — 3 айға 19,1%;

  • Kaspi Bank — 3 айға 19%;

  • ЦентрКредит Банкі — 3 айға 18,86%;

  • RBK Bank — 3 айға 18,6%;

  • Alatau City Bank — 6 айға 17,81%;

  • Halyk Bank — 3 айға 17,45%;

  • ВТБ — 3–6 айға 15,3%;

  • Zaman Bank — 3 айға 14,5%.

Қыркүйекте теңгедегі депозиттердің табыстылығы біртіндеп төмендей бастаған. Бұл үрдіс Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендетуімен қатар жүріп отыр.