Қазақстандағы банктер мемлекеттен алған қолдауды қайтара бастады. Алайда толық қарыз көлемі әлі де қомақты – 1,3 трлн теңге. Бұл деректі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова Мәжілістегі баяндамасында айтты.

Қай банктер қарыз?

Агенттік дерегінше, ең ірі қарыз Alatau City Bank үлесінде:

Alatau City Bank – 950,2 млрд теңге;

Bank RBK – 176,8 млрд теңге;

Еуразиялық банк – 150 млрд теңге;

Нұрбанк – 46,8 млрд теңге.

Осылайша, бір ғана Alatau City Bank барлық берешектің үштен екісінен астамын құрап отыр.

Қайтару мерзімі

Әбілқасымованың айтуынша, барлық банк (Alatau City Bank-тен басқа) мемлекеттік қолдауды 3–5 жыл ішінде қайтарады.

2023–2025 жылдары банктердің бюджетке қайтарған сомасы 526,9 млрд теңгеге жеткен.