Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, автокөлік және қалалық электр көлігі кәсіпорындарының кірісі 192,5 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 40,8%-ға артық. Оның ішінде шамамен 137,3 млрд теңге жүк тасымалдаудан, 55,1 млрд теңге жолаушы тасымалдаудан, 68,1 млрд теңге жүргізушілері немесе экипажы бар көлік құралдарын лизингке беруден түсті, деп хабарлайды finprom.kz.
Көлік түрлері бойынша, жүк автокөлігінен 137,3 млрд теңге (ақшалай 47,6% өсім), автобустармен тасымалдаудан 49,4 млрд теңге (+28,9 млрд теңге), такси қызметі есебінен 2,2 млрд теңге (+1,9%), 952,6 млн теңге трамваймен тасымалдау есебінен (+13,2%), 942,7 млн теңге троллейбуспен тасымалдау есебінен (+26,3%) түсті.
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында автокөлік және қалалық электр көлігімен 1,4 млрд тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,8% аз. Жүк айналымы 74,4 млрд тонна-километрді құрап, бір жыл ішінде 13,2% өсті.
Еліміздің 20 аймағының ішінде ең көп жүк пен багаж Қарағанды облысына тасымалданған, 297,3 млн тонна. Үздік үштікке Абай облысы (253,1 млн тонна) мен Алматы қаласы (127,9 млн тонна) бар. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау өңірінде тіркелді, небәрі 3 млн тонна.
Автокөлік және қалалық электр көлігімен жолаушылар тасымалы бірінші жартыжылдықта 3,3 млрд адамды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,9%-ға артық.
Барлық жолаушылар тасымалының үштен екісі дәстүрлі автобустарға тиесілі. Республикалық көрсеткіштің 66,6%-ы, яғни 2,2 млрд жолаушы автобустар арқылы тасымалданды. Такси қызметтеріне 1,1 млрд жолаушы тиесілі, көрсеткіш былтырғыдан 12,6% көп. Троллейбустармен 15,9 млн жолаушы тасымалданды, көрсеткіш былтырғыдан 32,5% артық.
Өңірлік тұрғыда ең көп жолаушылар тасымалы Алматы қаласында. Онда 884,3 млн адам тасымалданды, бұл республиканың 26,8%-ы. Одан кейінгі орында Қостанай мен Павлодар облыстары. Ең аз жолаушылар Маңғыстау, Ұлытау және Қызылорда облыстарында.
Жолаушылар айналымы 87 млрд жкм құрады, бұл өткен жылдағыдан 63,4% аз.
Биылғы жылдың маусым айында автокөлікпен жолаушылар тасымалдау бағасы былтырғымен салыстырғанда 4% өсті. Бағаның ең жоғары өсуі Алматы облысында (+9,8%) байқалды. Одан кейін орындарда Түркістан (+8,5%) және Қостанай (+6,2%) облыстары.
Осы орайда, мемлекет автобуспен халықаралық тасымалдан толығымен бас тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автокөлікпен жолаушылар тасымалы саласында көп реттік міндетті өзін-өзі реттеуді енгізуге қатысты тұрақты ықпал етуге талдау жүргізді.
Министрлік мүмкіндіктер ретінде мынандай дәлелдер келтірілген: нарықтың дамуы (функцияларды орындаушылардың санының артуы) және бәсекелестік, кәсіби әлеуеттің артуы, сондай-ақ берілген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру үшін материалдық және еңбек ресурстарының болуы.